Нұрсұлтанов IBO белбеуіне үміткер болған боксшымен кездеседі
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы Винсент Фейгенбуц жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Мейірімнің жаңа қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады. Ол кейінгі жекпе-жегінде бұрын Геннадий Головкинге тиесілі болған IBO белбеуіне таласты. Бірақ италиялық Этинос Олихке есе жірберіп, мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.
Жекпе-жек 17 қарашада Ташкенттегі (Өзбекстан) WBC конвенциясы аясындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз қазір Джермалл Чарлоға тиесілі WBC белбеуіне үміткер болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или