WTA финалдық турнирінің топтық кезеңінде Рыбакина Соболенкодан жеңіліп қалды

WTA финалдық турнирінің топтық кезеңінде Рыбакина Соболенкодан жеңіліп қалды

Әлемнің бірінші ракеткасы беларустық Арина Соболенко Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі кездесуде қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында 6:2, 3:6, 6:3 есебімен Соболенко жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды.

Айта кетейік, ойын бір күн бұрын үзіліп, жауынға байланысты кейінге шегерілген.

Осылайша Соболенко жеңіс пен бір жеңіліспен топтан екінші орынға шықты. Рыбакина бір жеңіс және екі жеңіліспен үшінші болып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или