Крис Юбенк: «Головкинді жеңетін бір ғана боксшы болса, ол мен»

Орта салмақта WBA тұжырымының уақытша чемпион 25 жастағы британиялық боксшы Крис Юбенк (19-1, 14 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (33-0, 30 КО) ұтуға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Англияда мен білетін бір боксшы бар, оның аты Крис Юбенк. Мен дәл сол боксшының Флойд Мейвезердің орнын басатынына сенімдімін», - дейді Юбенк өзін меңзеп.

«Мен орта салмақтағы чемпиондық белбеулердің иегерлерінің барлығымен кездескім келеді. Белбеу иегерлері дегенде ең бірінші ойға pound-for-pound рейтингіндегі ең үздік боксшы Геннадий Головкин оралады. Жеке менің пікірімді білгілеріңіз келсе, Головкиннің әлсіз тұстары көп және мен сол әлсіздіктерін жақсы білемін. Онымен жекпе-жекке шығатын мүмкіндік туып жатса, оны жеңетініме 100 пайыз сенімдімін», - дейді британиялық боксшы.

Естеріңізге саламыз, отандасымыз келесі жекпе-жегін 17 қазан күні Нью-Йоркте орта салмақта IBF тұжырымының чемпионы канадалық Давид Лемьеге (36-2, 31 КО) қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или