Теннис

Жібек Құламбаева Тунистегі турнирді сәтті бастады

Жібек Құламбаева Тунистегі турнирді сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 518-орын) Монастирде (Тунис) ITF турнирінің жекелей сынында 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда Құламбаева осы текетіресте айқын фаворит саналған польшалық Вероника Фальковсканы (321-орын) үш сетте – 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, сенсация жасады. Қазақстандық қыздың келесі қарсыласы Швейцария өкілі Сюзан Бандецки (365-орын) болмақ.

Бір күн бұрын Жібек Құламбаева жұптық сайыста да сәтті өнер көрсетті: қытайлық Гао Синьюмен дуэтте ол Теа Тирунелвели (АҚШ) / Луана Плаза Араужо (Бразилия) жұбын 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0