Ресей туынан бас тартқан әлем чемпионы Биволмен бокстасуға дайын екенін айтты
Жартылай ауыр салмақтағы ресейлік боксшы (79,4 келіге дейін) Артур Бетербиев Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жек өткізу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Егер ол дайын болса, мен де дайынмын. Оны көрсеңіз сұраңыз. Әрине, егер біз [атақтарды] біріктіру үшін жұдырықтаса алсақ жақсы.
Жарақатым жақсарып келеді. Енді қайталанбайды деп үміттенемін. Бұл менің қателігім болды, форс-мажор! Ол [Бивол] жақсы боксшы, тәжірибесі мол. Жекпе-жек өткізсек көретін боламыз», - деді Бетербиев Probox TV арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Бивол да, Бетербиев те кәсіпқой аренада жеңілмеген. Бетербиев IBF, WBC және WBO титулдарының иегері. Ал Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или