ҚПЛ клубы Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкерін өз қатарына көргісі келеді

ҚПЛ клубы Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкерін өз қатарына көргісі келеді

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Леонид Слуцкий қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбеліктер команданың бас бапкерлігіне Слуцкийді шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сонымен қатар, Meta-ratings.kz хабарлағандай, Андрей Карпович кетсе, Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев сияқты Слуцкий де бас бапкерлікке басты үміткерлердің қатарында болғаны бейресми ақпарат көздерінен белгілі болды.

52 жастағы бапкер үш рет РПЛ чемпионы атанып, екі рет ел кубогын жеңіп алды. Ресей құрамасынан бөлек Слуцкий Мәскеудің ЦСКА, Англияның «Халл Сити», голландиялық «Витесс» командаларын жаттықтырса, оның жетекшілігімен соңғы клуб қазандық «Рубин» болды.

Қазақстандық команданың қазіргі бапкерінің келісімшарты ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или