«Еуразия Барысы» турнирі қай күні өтеді?

«Еуразия Барысы» турнирі қай күні өтеді?

Биыл «Еуразия Барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 9 қазанда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Шара «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Бозкілемде Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия және Өзбекстан елдерінің командалары кездеседі. Әрбір құрамада жеті балуан күреседі. Биылғы ерекшелік салмақ дәрежесінде бірқатар өзгерістер бар. «Еуразия Барысында» балуандар командалық сында 55 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, -90 кг, -100 кг және +100 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Турнирде қазылық жасайтын халықаралық төрешілер құрамына қатысатын мемлекеттің өкілдері кіреді.

Қазақ күресінен халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі ең алғаш рет 2013 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. Оған Еуразия құрлығының 8 мемлекетінен балуандар қатысты. Бұл жарыс «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының «Қазақстан Барысы» мен «Жас Барыс» жобасынан кейін қолға алған үшінші жобасы. 2013 жылғы турнир жеңімпаздары отандастарымыз – Қазақстан құрамасы. Олар финалда Моңғолия құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті.

Екінші рет ұйымдастырылған турнир 2014 жылдың қараша айында Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналды. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінің командалары қатысты. Финалда екінші рет Моңғолия мен Қазақстан құрамалары кездесіп, моңғол балуандары жеңімпаз атанды.

«Еуразия Барысы» халықаралық турнирін тікелей эфирде 7 сағат бойы әлемнің 126 мемлекеті тамашалады. Биылғы халықаралық трансляцияны түркиялық «ТРТ Аваз» бен ресейлік «Боец» арналары тікелей эфирде ұсынады. Ал елімізде «Қазақстан», «KazSport» және «КТК» арналары көрсетеді.

Турнир сағат 11:00-де басталады.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или