Давид Лемье Головкиннің екі суретімен жұдырықтасып жүр

Давид Лемье Головкиннің екі суретімен жұдырықтасып жүр

Канадалық кәсіпқой боксшы, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемье орта салмақта WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді мұқатудан жалығар емес.

Бұл жолы Лемье өзінің болашақ қарсыласының портретін боксшылардың жаттығу қолғабына жабыстырып, оны Instagram әлеуметтік желісіне орналастырды. Бұған «Біз дайын боламыз» деген пікірін де жазыпты.

Еске сала кетейік, дәл осындай тәжірибені Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррей де байқап көрген болатын. Дегенмен ол қазақстандық боксшыдан уақытынан бұрын жеңілді.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или