«UFC-дің ауылы алыс емес». Қазақстандық жұлдыз чемпиондық белбеуге дайындалып жатыр

«UFC-дің ауылы алыс емес». Қазақстандық жұлдыз чемпиондық белбеуге дайындалып жатыр

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының кезекті OCTAGON 52 турнирінде әйелдер арасында жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу иегері анықталады.

Оны қазақстандық спортшы Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) сарапқа салады.

Prosports.kz тілшісі жазда UFC-де дебютін өткізген Азат Мақсұмның клубтасына хабарласып, Таиландта өткен лагері, кәсіпқой карьерасындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі туралы және алдағы мақсатын білді. 

– Аян, Tiger Muay Thai-дағы лагеріңіз қалай өтті?

– Аллаға шүкір, лагерь жақсы өтті. Бұл маған үлкен тәжірибе болды, әртүрлі файтермен жұмыс істедік. Бұл жерде бәрі тамана, атмосферасы күшті, жұмыс істей бересің, мұнда оқу-жаттығу жиындарына жиі келгім келеді. Сондай-ақ, маған осындай мүмкіндік беріп, Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына жібергені үшін бапкеріме және соған қатысы бар адамдардың бәріне алғыс айтқым келеді.

– Әйгілі тай оқу базасында қандай жаңа нәрселерді үйрендіңіз? Ол сізді тағы немен таңғалдырды?

– Мұндағы әрбір жаттығу өте қызық. Қатты жұмыс істейміз, бірақ алдағы жекпе-жектер алдында ешкім жарақат алмауы үшін қамқор боламыз. Маған ұнағаны, мұнда өзіміздікі не сырттан келген деп бөлмейді. Жаттықтырушылар ешкімді бөлмейді және бәріне бірдей қарайды, бәріне жақындап, бірдеңе көрсетіп, түзетіп үлгереді. Жаттығу атмосферасы мүлдем бомба.

– Онда әлемге әйгілі файтерлер болды ма? Қарсыластарыңыздың қайсымен жұптасып жұмыс істей алдыңыз?

– Дәл қазір бұл жерде оның маусымы емес және атақты файтерлер болған жоқ. Бірақ мен Дилшода Умаровамен жұмыс істей алдым, ол да келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Bellator файтері Сабрие Шенгюльмен жұмыс істеді. Оның соққысы жақсы және көптеген жігіттермен жұмыс істедім.

– Сіз әйгілі муай-тайшы және летвей Веро Никамен жаттықтыңыз ғой. Осындай бірегей спортшыдан не үйрендіңіз?

– Біз бірге жаттыққан жоқпыз, өйткені оларда таза муай-тай жаттығулары, ал бізде ММА-ге арналған муай-тай. Бір уақытта, бірақ әр түрлі топта жаттықтық, сондықтан жұптасып жұмыс істей алмадық. Бірақ жаттығудан кейін біз жеке танысып, сөйлестік, ол менің барлық жекпе-жегімді көретінін және үлкен жанкүйер екенін айтты. Мен оның қалай жұмыс істейтінін көрдім - ол қолмен де, аяқпен де өте күшті және жылдам соққы жасайды.

 – Сізді жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек күтіп тұр. Осыған байланысты қандай эмоциялар сезінесіз?

– Бұл жекпе-жек басқалары да секілді маңызды. Бұған жету үшін маған көп уақыт қажет болды. Біреу лигада бір-екі жекпе-жек өткізіп, белбеу үшін төбелесіп үлгерсе, мен чемпиондық жекпе-жекке жету үшін 4 кездесуді жеңдім. Бұл белбеу үшін жекпе-жек пе, әлде үміткерлік жекпе-жек пе, қарсыласым мықты ма немесе дебютант па, бәрібір, маған бәрі де маңызды. Сондықтан жай ғана жеңу емес, қызық жекпе-жек көрсетуге тырысамын.

– Қарсыласыз - ресейлік тәжірибелі Марина Шутова. 18 қарашада қандай текетірес күтесіз?

– Иә, Марина тәжірибелі файтер, мен оны файтер ретінде құрметтеймін. Оның соққысы жақсы, артық ештеңе жоқ, тек құрметпен қараймын. Бірақ біз де жүгері күзетіп жүрген жоқпыз, сондықтан бұл кеште жақсы, лайық және әсерлі жекпе-жек өткіземіз деп ойлаймын.

– Жақында ғана Шутованың қарсыласы қазіргі UFC файтері Виктория Дудакова болды, ол Маринаны жеңгеннен кейін бірден Дана Уайттың Contender Series турнирінде өнер көрсетті. Бұдан қандай да бір символизм көріп тұрсыз ба?

– Егер солай болса, әрине, керемет қой (жымиып). Бұл Contender Series бола ма, әлде бірден UFC-дегі дебют пе - маған ол қалай болатыны маңызды емес. Мен ол жерге тезірек жетіп, UFC файтері болып қана қоймай, оны Қазақстанға белбеу жеңіп әкелгім келеді.

– Сіздің ойыңызша, клубтасыңыз Азат Мақсұм сияқты UFC-ге жету үшін не істеу керек және оған қанша уақыт кетеді?

– Талмай еңбек ету керек. Әр жолы жақсырақ жекпе-жектер көрсету қажет. Әрине, менеджердің жұмысы да үлкен рөл атқарады. Бір айтарым: «UFC-дің ауылы алыс емес, Аллах қаласа!».

Айта кетейік, OCTAGON 52 турнирі 18 қарашада Алматыда өтеді. Жекпе-жек кеші аясында Бекзат Алмахан, Дамир Төленов, Самат Мамедов, Муртазали Магомедов, Хамзат Чапанов, Одилхон Камолов, Нұржан Ақышев, Әлішер Ғабдуллин сынды танымал файтерлер өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Фото:OCTAGON, открытые источники, www.instagram.com/ayantursyn1/ 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или