«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
26 қазанда «Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан чемпионының қарсыласы люксембургтік «Дифферданж» болды. Матч испаниялық Пальма-де-Майорка қаласында өтті. Ойын алматылық команданың жеңісімен аяқталды - 4:2.
Еске салайық, негізгі кезең матчтары 26-29 қазан арасында өтеді. Әр топтан үздік үш команда элиталық кезеңге шығады.
Чемпиондар лигасы. Негізгі кезең
«Қайрат» – «Дифферданж» 4:2 (3:1)
Голдар: Тұрсағұлов 6 (1:0), Деннис 10 (2:0), Алиссон 13 (3:2), Алиссон 38 (4:2) – Рубен Рейс 11 (2:1), Рохас 21 (3:2)
26 қазан 2023. Пальма-де-Майорка, Испания.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или