Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді.
Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті.
Айта кетсек, Азия пара ойындары барысындағы жарыстың үшінші күні алғашқы медальды Зарина Раифова<span> </span>иеленді. Ол Қазақстан құрамасы қоржынына күміс медаль салды.