IEM Sydney 2023 турнирінің символикалық командасы жарияланды

Даниялық HLTV.org порталы CS2-ден IEM Sydney 2023 чемпионатының символикалық командасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрамға FaZe Clan және Complexity Gaming ойыншылары енді.
Сиднейдегі турнирдің символикалық командасы:
— Капитан: Джонни JT Теодосиу;
— Снайпер: Хельвис broky Саукантс;
— Люркер/саппорт: Робин ropz Коль;
— Ойыншы: Джонатан EliGE Яблоновски;
— Энтри: Ховард rain Найгард.
IEM Sydney 2023 турнирі 16-22 қазан аралығында Аустралияда өтті. Жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрады.