Бразилиялық файтер Жұмағұловпен өтетін жекпе-жек туралы айтты
Бразилиялық ММА файтері Яго Рибейро (12-3) Naiza FC 55 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа қарсы өтетін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл менің мансабымдағы ең ірі сынақ болады. Мен қиындықтарды жақсы көремін және желтоқсандағы жекпе-жектен үлкен үміт күтемін. Қазір менің барлық ойым тек осы жекпе-жек туралы», - деді Рибейро Legalbet.kz сайтына.
Жұмағұлов (UFC бойынша 14-9, 1-6) - Рибейро жекпе-жегі 2 желтоқсанда Астанадағы Naiza FC 55 турнирінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или