Түркиялық клуб қазақстандық футболшыға көз тікті

Түркиялық клуб қазақстандық футболшыға көз тікті

Қазақстан ұлттық құрамасының және ақтөбеліктердің 21 жастағы шабуылшысы Максим Самородов түрік «Трабзонспорының» мүддесіне айналды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Yeni Asir басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, «Трабзонспордың» бас бапкері Абдулла Авджи «Ақтөбе» командасының футболшысы Максим Самородовты сатып алуға мүдделі.

Авджи Самодовтың қазақстандық ретінде Түркия чемпионатында шетелдік ойыншының орнын алмай-ақ бақ сынай алуына үлкен мән беретіні баса айтылады.

«14 қазанда Копенгагенде өткен Дания мен Қазақстан арасындағы матчта тәжірибелі бапкер 21 жастағы ойыншыны тамашалады.

Самородов «Ақтөбемен» Конференция лигасында 4 матчта 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді», - деп жазады түрік сайты.

Еске салайық, Түркия футбол федерациясы жаңа маусымнан бастап түркі мемлекеттерінің футболшыларына жергілікті футболшылармен бірдей мәртебе берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или