Елдос Ахметов бапкерлік мансабын бастайды

Елдос Ахметов бапкерлік мансабын бастайды

«Серый КАРДИНАЛ» телеграм-каналында Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Елдос Ахметов жақында бапкерлік мансабын бастайтыны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ Еліне +1 бапкер, немесе Елдос Ахметов жаттықтырушы болады.

Ойыншы мансабын аяқтаған Елдос Ахметов жақын арада жаттықтырушылыққа кірісуі керек. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Елдос жақын арада футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылуды жоспарлап отыр», - деп хабарлайды ресурс.

Айта кетейік, Ахметовтың соңғы клубы ол осы жылдың басында көшіп келген Павлодар Ақсу болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или