«Астана» соңғы минутта «Жетісуды» жеңіп, чемпиондыққа таласта қалды

«Астана» соңғы минутта «Жетісуды» жеңіп, чемпиондыққа таласта қалды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-туры аясындағы «Астана» — «Жетісу»матчы 2:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы минуттан шабуылға ден қойған астаналық команда сапынан Тимур Досмағамбетов 30-минутта есеп ашқан еді.

Ал 50-минутта «Жетісу» сапынан Анес Ружевич таразы басын теңестіріп кетті.

Бұдан кейін елордалық клуб қайтадан қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 96-минутында Абат Айымбетов соққан гол «Астанаға» жеңіс алып келді.

Осылайша елордалық команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, чемпиондыққа таласты жалғастыратын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или