UFC чемпионы: «Мен Головкинді сүйемін»

UFC чемпионы: «Мен Головкинді сүйемін»

UFC бойынша америкалық чемпион Ронда Роузи The Ring журналының редакторы Дагу Фишерге берген сұхбатында Геннадий Головкинді жақсы көретінін мойындады. Танымал спортшының айтуынша, Головкин оның сүйікті боксшысы.

- Лас Вегастан Фэн Джей сенің сүйікті боксшың кім екенін сұрады.

- Қазіргі кезде ме? Геннадий Головкин.

- Менің де. Неліктен саған GGG ұнайды?

- Мен оның осындай жетістікке жететінін білдім. Мен Геннеди емес, Геннадий деп айту керегін де білемін. Бірақ мен бұған ештеңе істей алмаймын.

Ол маған боксшы, жеке тұлға ретінде де ұнайды. Оның техникасы мықты, нокаутқа түсіре алатындай күші бар.

- Ол бір айдан кейін Давид Лемьемен кездескен кезде не болады? Қалай ойлайсың, Лемье оған жұдырықтасуға мүмкіндік бере ме?

- Жоқ. Сен түсінбей тұрсың, мен оны жақсы көремін. Ол мен үшін әрдайым жеңімпаз. Меніңше ол үшін ең қызықты жеке-жек Андре Уордпен болады.

- Қалай ойлайсың, Геннадий орта салмақта барлық титулды иеленіп, кейін жоғары орта салмаққа өте ме?

- Иә, бұл керемет идея. Ол солай етуі керек деп ойлаймын.

- Бұл жекпе-жек қалай өтеді?

- Мен білмеймін, бұл туралы менен жекпе-жекке аз уақыт қалғанда сұра. Ол барлық титулды иеленгенше өзгереді ғой.

Ронде Роузи 28 жаста. Ол MMA бойынша әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі. 2015 жылдың тамызында Forbes журналы Ронданы ең көп жалақы алатын спортшылардың ондығына енгізді. Оның жылдық табысы - 6,5 миллион доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или