Зарина Дияс WTA рейтингісінде 43-орынға түсіп қалды

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 43-орынға түсіп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 8 саты төмендеді.

Дияс 1265 ұпаймен 34 орыннан 43-орынға табан тіреді. Юлия Путинцева 78-орыннан 75-орынға (765 ұпай) көтерілді, ал Ярослава Шведова 87-орыннан 88-орынға төмен сырғыды (677).

Рейтингте америкалық теннисші Серена Уильямс (11501) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда румыниялық Симона Халеп (6780) пен ресейлік Мария Шарапова (5795) келеді. US Open турнирінің жеңімпазы италиялық Флавия Пеннетта 26-орыннан 8-орынға көтерілді.

Айта кету керек, Дияс 9 орын төмендегіне қарамай, Азияның 1-ракеткасы атағын сақтап қалды. Қазақстандық спортшы WTA рейтингінде Азияның үздік теннисшісі атағын 24 тамызда иеленген болатын.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или