Әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады
Біріккен күрес әлемі балуандар арасындағы рейтингті жаңартты. Қазақстан сапынан 92 келідегі Ризабек Айтмұхан көш бастады.
Екінші орында Грузия, үшінші орында Әзірбайжан балуандары тұр. Ал күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта әлемдік рейтингтің екінші сатысына тұрақтады. Әйелдер күресінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жәмиба Бақбергенова бірінші сатыны иеленген.
Ал грек-рим күресінің өкілдері рейтингтегі үздік үштіктен сырт қалған. 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов төртінші, 55 келідегі Марлан Мұқашев бесінші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или