Мэйвезердің орнын кім басады?

«PROСПОРТ» тілшісі атақты Флойд Мэйвезердің орнын кім баса алатынын анықтап көрді.

Бүгін Лас-Вегас қаласында әлемнің ең үздік боксшысы Флойд Мэйвезер өзінің соңғы жекпе-жегін өткізді.

The Ring басылымының Pound for Pound тізімінде қатарынан бірнеше жылдар бойы көш бастаған америкалық боксшы 49 жекпе-жекте бірде-бір рет жеңілмей, атақты Рокки Марчианоның рекордын қайталады.

Белгілі АҚШ басылымы The Ring кәсіпқой бокстың пайда болуымен жыл сайын салмақ дәрежесіне қарамай әлемнің ең үздік боксшыларын анықтайды. 1920 жылдардан бастап бұл тізімде көбінде аса ауыр салмақ дәрежесінің боксшылары көш бастаған. Мәселен, Джо Луис, Рокки Марчиано, Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Майк Тайсон және тағы басқалар. Бірақ соңғы 15-20 жылда бокс жанкүйерлерінің көңілі орта мен жартылай орта салмаққа ауысты. Бәсекелестіктің жоғары болуына байланысты бұл салмақтар ең қызық болып есептелетін. Тура сол жылдары Флойд Мэйвезер өзінің кәсіпқой мансабын бастаған болатын. Қарсыластарына еш мүмкіндік бермейтін «Money» өз карьерасында 25 әлем чемпионын тізе бүктірген. Сондай-ақ, Флойд Forbes журналының есептеуі бойынша, әлемдегі ең бай спортшы. Мэйвезер жылына шамамен 250 млн доллар табыс табады. Бұған қоса, Мэйвезер - Pound for Pound тізімінің патшасы. Алайда, әр нәрсенің ақыры болады. Бүгін таңертең Флойд Мэйвезер Андрэ Бертоны ұпай санымен жеңіп, кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін өткізгенін мәлімдеді. Демек, енді оның орны бос қалды...

Келесі Мэйвезер кім?

Шетелдік сарапшылар Мэйвезердің орнын Геннадий Головкин немесе Андре Уорд басады дейді. Бұған қоса, Мэнни Пакьяо, Роман Гонсалес, Владимир Кличко сияқты мықтылардың барын ұмытпауымыз қажет. Филиппиндік пен украиналық боксшының жасы келіп қалғанын ескерсек (ары кетсе 2-3 жыл бокстасады), онда Pound for Pound тізімінің патшасына Геннадий Головкин лайық екенін аңғаруға болады. Бұл дәреже не береді дейсіз бе? Миллиондаған қаржы, әлемнің ең үздік боксшысы деген атағы және т.б. Бұрын-сонды бірде-бір Кеңес одағының боксшысы мұндай атаққа лайық болған емес. Өзге елдің боксшыларын аса ұнатпайтын америкалықтар Головкиннің мықты екенін кәзірден мойындауда. Бұған дәлел, қазақстандық боксшының НВО арнасындағы көрсетілімдердің жоғары көрсеткіштері. Сонымен қатар, Головкин жақында PPV жүйесі бойынша (ақылы көрсетілім) алғаш рет жұдырыспақшы. Қарсыласы да осал емес, канадалық нокаутшы – Давид Лемье. Қос боксшы өзара нағыз «Big Drama Show» көрсететіні анық. Егерде бұл жекпе-жекте жерлесіміз жеңіп жатса, әлемнің ең үздік боксшысы атануына тағы бір қадам жақындайды.

Головкин Pound for Pound тізімінде көш бастау үшін не істеу қажет?

Алдымен, Геннадий қазаның 17-і күні Давид Лемьені ұтып, одан IBF белбеуін тартып алу қажет. Содан соң, Альварес-Котто немесе Ли-Сондерс жұбының жеңімпазымен кездескен дұрыс. Себебі, Генаның салмағындағы қалған екі белбеуі Котто (WBC) мен Лиде (WBO). Бұл туралы Головкиннің бапкері Абель Санчес те айтқан болатын. Жалпы, Головкин дұрыс бағытта келе жатыр. Қазірдің өзінде Головкин барша әлемге танымал. Ал Ронда Роузи, Макс Келлерман, Майкл Баффер сияқты белгілі америкалықтар өзінің сүйікті боксшысы Головкин екенін үнемі сұхбаттарында айтуда. Бетінен күлкісі кетпейтін жерлесіміз келесі кездесуінде-ақ 2-5 млн. доллар табыс табуы ықтимал. Бұл тек бастама! Егерде Головкин Альварес немесе Коттомен шығып жатса, бұдан да көп ақша табуы мүмкін. Әрине, бұл үшін Геннадийдегі өз жекпе-жектерін сүйікті стилінде аяқтауы қажет. Нокаутпен құлатып жатса тіпті жақсы. Ал өз салмағында барлық белбеулерді жинаған соң, Головкин өзінің ең басты қарсыласы Андре Уордпен шығуы тиіс. Себебі, Уорд қазірдің өзінде Головкинмен «әлемнің ең үздік боксшысы» атағына тартысуда. Уорд өте мықты әрі білікті боксшы. Америкалықтар оны тіпті «Супер орта салмақтың Мэйвезері» деп те атап жатады. Головкин-Уорд жекпе-жегін қазірдің өзінде көп жанкүйерлер күтуде. Екеуі де ешкімнен жеңілмеген, екеуі де Олимпиаданың жүлдегерлері, екеуі де өз салмақтарында көш бастап тұр. Бір сөзбен айтқанда екеуінің жекпе-жегі нағыз «соғыс» болмақ.

Головкиннің ұтымды жағы – бұл оның бокс стилі. Бокс жанкүйерлері Мэйвезердің іш пыстыратын бокс стилінен жалықты. Оларға Головкин сияқты нағыз «машина» керек. Сондықтан да Мэйвезердің орнын Головкин басуы қажет. Ал бұл деген Қазақ елі үшін – ұлы жетістік болмақ. Василий Жиров бастаған саңлақтарымыз Американы бағындыруды сәтті жалғастыруда. Бұл өте қуантарлық жайт.

Әуесқой бокста да жетістіктеріміз жақсы. Соңғы Азия мен Әлем чемпионатында жалпы саны 11 алтын медаль иелендік. Тамаша көрсеткіш. Солардың арасынан болашақта кәсіпқой бокс жұлдыздары шығып жатса біз тек қуанамыз. Қазіргі таңда, Дәурен Елеусінов, Роман Жайлауов, Қанат Ислам сияқты мықты кәсіпқой боксшыларымыз да бар. Оларға да Головкиннің жолын берсін. Бірнеше жылдан кейін Pound for Pound тізімінде бірнеше қазақ боксшылары жүрсе таң қалмаңыз. Ал Головкинге алдағы жекпе-жегінде тек жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или