«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан үшінші кездесуінде жеңілді

«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан үшінші кездесуінде жеңілді

Тольяттиде 2023/2024 маусымындағы ҚХЛ матчы аяқталды, онда «Лада» өз алаңында «Барысты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Бірінші кезеңнің жетінші минутында Иван Романов ойында есеп ашты. Екінші кезеңнің 14-минутында Остап Сафин есепті еселеді. Араға төрт минут салып Понтус Оберг қазақстандық команданың жалғыз шайбысын соқты.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан күні «Барыс» сырт алаңда Сочимен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или