Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтсіз бастады

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтсіз бастады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Францияның Шербург-ан-Котентин қаласында өтіп жатқан ITF қатты корт турнирінде алғашқы жекелей матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Диана Мартыновпен кездесіп, үш сетте 3:6, 6:0, 5:7 есебімен жеңілді. Бұл ойын француз турнирінің 1/16 финалдық кезеңінде өтті.

Келесі кездесуде Мартынов швейцариялық теннисші Валентина Ризермен ойнайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық спортшы WTA рейтингінде 518-ші орында, ал француз cпортшысы 677-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или