Испания жастар құрамасының бапкері Қазақстанмен болатын ойындағы мақсатын жария етті
Испания жастар құрамасының бас бапкері Сантьяго Дения 21 жасқа дейінгі Қазақстанға қарсы Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі алдағы ойынға қатысты пікір білдірді.
«Біздің мақсатымыз – жақсы ойын көрсетіп үш ұпай алу. Біз Өзбекстанмен өткен ойыннан кейін жағдайды жақсарту үшін жұмыс жасадық, бұл өте қиын болды. Ойыншылар нәтиже көрсеткісі келеді.
Біз Өзбекстанда жасанды төсеніште жаттығуға тырыстық, өйткені Қазақстанда дәл осындай жағдайға тап боламыз. Мен бұл стадионмен бұрыннан таныспын, өйткені U-16 құрамасын баптаған кезде біз мұнда екі турнир өткіздік. «Астана Арена» сапалы стадион.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или