ҚХЛ чемпионы қазақстандық командадан кетті

ҚХЛ чемпионы қазақстандық командадан кетті

Shaiba.kz сайтының хабарлауынша, шабуылшы Никита Язков Ақтөбе командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым басталар алдында команданың бас бапкері Евгений Штайгер ойыншының лига жұлдызы болатынын айтқан еді.

Биылғы маусымда 27 жастағы хоккейші Қазақстан тұрақты чемпионатында 15 кездесу өткізіп, пайдалылық көрсеткіші «-7» болып 4 (3+1) ұпай жинады.

Айта кетейік, 2017-2018 жылғы маусымда Никита Язков «Ақ Барыс» сапында ойнап, ҚХЛ-ның тұрақты маусымында 37 матч өткізіп, 9 (8+1) ұпай жинағанымен, плей-офф кезеңінде бірде-бір ойын өткізген жоқ. Сол маусымда қазандық команда Гагарин кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или