Андрей Голубев Словакиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Андрей Голубев Словакиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами – германиялық Андре Бегеманмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда үндістандық-германиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де алға кеткенімен, А.Голубев пен Д.Молчанов есе қайтара алды – 7:5.

Супер тай-брейкте үндістандық-германиялық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:8.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Голубев – Д.Молчанов 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или