Әлем Кубогының FIS Grand Prix атты жазғы кезеңі басталды

Әлем Кубогының FIS Grand Prix атты жазғы кезеңі басталды

Aлматыда ерлер мен әйелдер арасында шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем Кубогының FIS Grand Prix атты жазғы кезеңі басталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Оған Қазақстаннан басқа, әлемнің 13 елінен 75 спортшы қатысуда.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков осымен бесінші рет өткізіліп отырған бұл жарыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде спортты дамытуға бағытталған жемісті саясатының айқын көрінісі екендігін айтты.

"Бізді алдымызда - 2017 жылы, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттік Универсиада ойындары күтіп тұр. Сондықтан осы кешенде өткізілетін жарыстардың барлығы сол Универсиада ойындарына дайындық іспеттес болады. Бұл жарыс отандық спортшыларға тәжірибелерін шыңдау үшін өте қажет. Оның үстіне, бүгінгі жарысқа әлемнің ең үздік деген шаңғышылары қатысып жатыр. Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары, Әлем Кубоктарының иегерлері және көптеген ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. Яғни, жарыс өте қызықты өтеді деп сенемін. Жеңіс нағыз мықтыларға бұйырсын", - деді П. Новиков.

Бүгінгі жарысқа тамашалауға әсіресе жастар көп жиналды.

Айта кетелік, бұл жарыста әйелдер арасында қазақстандық спортшылар жоқ. Ал ерлер арасындағы жарыстарға Қазақстан атынан ағалы-інілі Марат және Радик Жаппаровтар мен Сабыржан Момынов қатысуда.

Қазір жарыс одан әрі жалғасуда. Әйелдерге арналған трамплиннің ұзындығы - 106 метр, ал ерлерге арналған ұзындық - 140 метр.

Сонымен қатар жарыс барысында, үзілістер кезінде көрермендер арасында байқаулар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіледі. Одан басқа, Қазақстанның эстрада жұлдыздарының концерті болады.

Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогының Жазғы кезеңінің ұйымдастырушылары - Халықаралық шаңғы спорты федерациясы, Қазақстанның шаңғымен трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысы федерациясы және «Алматы қаласының халықаралық спорт жобалары Дирекциясы» Мемлекеттік қоры.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или