Анна Данилина Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды

Анна Данилина Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы – бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гонконг WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазфақпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге алғашқы айналымда Гонконг өкілдері Юдис Чонг – Хон-И Коди Вонмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда гонконгтық теннисшілер 6:3 есебімен басым түскенімен, екіншісінде А.Данилина – А.Панова бет қаратқан жоқ – 6:0. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:7. 1 сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-ресейлік жұп 1 эйске қоса 11 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.

Анна Данилина – Александра Панова жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Софья Лансере – Камилла Рахимовамен таласады.

А.Данилина жекелей сында да өнер көрсетіп, бірінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрешке есе жіберді – 2:6, 2:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или