Андрей Голубев Словакиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Андрей Голубев Словакиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Словакия астанасы Братиславадағы челленджер жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілетем жасап.

Доданың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге екі кездесуін сәтті аяқтады.

Қазақстандық-украиналық дуэт алдымен грекиялық Петрос Циципас – нидерландылық Сэм Вербиктен 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші матч одан да тартысты болып, 2 сағат 10 минутқа созылды. Голубев – Молчанов белоруссиялық Иван Лютаревич – украиналық Владислав Манафовты 6:7 (7:9), 7:6 (7:3), 17:15 есебімен жолдан тайдырды.

Қазақстандық-украиналық жұп бұл бәсеке барысында 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін өз есептеріне жазды. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или