Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тідшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингте 302-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 69-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакисті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Бір сағат 13 минутқа созылған матчта Бейбіт 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Денис Евсеев рейтингте 585-сатыдағы қытайлық Цуй Цзені жолдан тайдырды - 6:4, 6:0. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Денис 3 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жартылай финалға шығу үшін Жуқаев рейтингте 503-орындағы белоруссиялық Егор Герасимовпен, Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или