Top Rank президенті Мейвезердің ізбасарын атады
Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Тодд Дюбеф америкалық боксшы Кишон Дэвистің болашағына сенетінін айтты.
«Кишонның бойынан Флойдқа тән қасиеттерді байқадым. Ол жастығына қарамастан ақыл тоқтатқан, IQ жоғары. Дэвисті келесі Мейвезер не Котто демеймін. Тек олардың жеткен жетістігін қайталауға мүмкіндігі бар екенін айтқым келеді.
Кишон - ерекше боксшы. Тума талант. Әуесқой мектебі де жақсы қалыптасқан», - деді промоутер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или