Алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Париж Олимпиадасына қатысуға өтініш білдірді

Алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Париж Олимпиадасына қатысуға өтініш білдірді

<span>Филиппиндік боксшы, алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 КО) Париж Олимпиадасына қатысуға өтініш білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Боксшы бұған дейін жас шектеулеріне байланысты Азиядағы құрлықтық іріктеу кезеңіне қатыса алмады. Бірақ Париж Олимпиадасында өнер көрсетуден әлі де үміт үзбеген екен. </span>

<span>Филиппин Олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитетіне 45 жастағы Пакьяоны «әмбебаптық ережесіне» сәйкес 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына тіркеу туралы ресми өтініш білдіргені белгілі болды.</span>

<span> Бұл ұсыныс қабылданбаған жағдайда, Мэнни турнирге 2024 жылы өтетін іріктеу кезеңдері арқылы қатысады. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или