Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Гонконгтағы турнирді сәтсіз бастады

Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Гонконгтағы турнирді сәтсіз бастады

Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Гонконгта өтіп жатқан WTA-250 турнирі негізгі кезеңінің алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласы әлемнің ең үздік теннисшілері рейтингінде 70-орында тұрған польшалық Магдалена Френч болды. Матч 2:6, 2:6 есебімен Френчтің пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл турнирдің іріктеу финалында қазақстандық спортшы ресейлік Дарья Лодикованы 6:2, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или