Ауыр атлетика. Ермек Өміртай Азия чемпионатында топ жарды

Ауыр атлетика. Ермек Өміртай Азия чемпионатында топ жарды

Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ермек Өміртай қоссайыс нәтижесі бойынша 364 (161 + 203) келі көтеріп, Азия чемпионы атанды.

Ал, екінші орынды 363 (161 + 202) келі көтерген қытайлық Сун Вей алса, үшінші орынға 359 (161 + 198) келіні еңсерген Оңтүстік Корея елінің өкілі Лим Юнг-чулу тұрақтады.

Сонымен қатар, осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Семен Линдер 166 келіні жұлқа көтеріп, «кіші алтын» ұтып алды. Ал, жалпы жарыста 4-ші орын иеленді.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін бұл Азия чемпионатындағы төртінші медаль. Осыған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева елімізге қола жүлде әкелсе, Айдар Қазов (77 келі) алтын медаль жеңіп алған еді.

kazsport.kaztrk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или