Зайнутдиновтың командасына жаңа бапкер тағайындалды
Түркия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бурак Йилмаз «Бешикташтың» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2023 жылдың маусымында зейнеткерлікке шыққан Йилмаз 2023 жылдың шілдесінен бастап «Бешикташтың» көмекшісі болып жұмыс істеді.
Бұған дейін «Бешикташты» Шенол Гюнеш басқарды, ол командада басқарушы лауазымда жұмысын жалғастырады.
«Бешикташ» Түркия чемпионатында 8 турдан кейін 16 ұпаймен 4-орында.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов түрік клубында тамыз айынан бері өнер көрсетіп келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или