Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына енді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.
Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр.
Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады.
Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы<span> </span>атанғанын<span> </span>жазған едік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или