Рыбакина WTA жаңартылған рейтингіндегі орнын білді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 жастағы қазақстандық теннисші бесінші орында тұр.
Бірінші орында Беларусь Арина Соболенко, польшалық Ига Швентек пен американдық Кори Гауфф екінші және үшінші орында. Төртінші орында АҚШ спортшысы Джессика Пегула.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, қазір 68-орында.
Жұптық сындағы қазақстандық теннисші Анна Данилина 32-орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или