Рыбакина Қытайдағы турнирге қатыспайды
Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Чжэнчжоуда (Қытай) өтетін WTA 500 сериясындағы турнирге қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бейжіңдегі жартылай финалға жеткеннен кейін ол шаршаған болуы мүмкін және соңғы WTA турниріне дейін сәл демалғысы келеді. Канкунда кездескенше», - деп жазды The Tennis Letter басылымы.
Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, екі сетте 6:7 (7), 3:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Фото: wtatennis
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или