Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы Ресей өкілі Карен Хачанов болды. Жукаев ресейлік теннисшіден 6:7, 6:4, 2:6 есебімен жеңілді.

Матч 2 сағат 2 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Шанхай турнирінде жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или