UFC Fight Night 229 қорытындысы бойынша бонус алған файтерлер белгілі болды

UFC Fight Night 229 қорытындысы бойынша бонус алған файтерлер белгілі болды

Қазанның 7-нен 8-іне қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 229 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир қорытындысы бойынша сыйақы алған жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

«Кештің үздік өнер» үшін 50 000 доллар бонусты Бобби Грин (Грант Доусонды нокаутпен жеңді), Джо Пайфер (Абдул Разак Альхасанды  жеңді), Дрю Добер (Рик Гленнді техникалық нокаутпен жеңді) және Нейт Мэнесс (Матеусты жеңді) алады.

Турнир соңында «кештің үздік жекпе-жегі» үшін бонус берілмеді.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте 37 жастағы америкалық Бобби Грин 29 жастағы болашағынан үміт күттіретін отандасы Грант Доусонды нокаутқа түсірді. Жекпе-жек 33 секундқа созылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или