Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) Винченцо Гуальтиериге (21-0-1, 7 КО) қарсы титулды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жекке сегіз күн қалды. Бүгін спаррингті аяқтадым. Біз дайынбыз. Менің командам дайын. Екі титул жеңіп алуға дайынбыз! Кәсіпқой бокста небәрі 14 жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионымын. Атағымды екі рет қорғадым. Жақында менде біріктіру жекпе-жегі болады. Әлхамдулиллаһ!» — деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Әлімханұлы — Гуальтьери жекпе-жегі 15 қазанда Розенбергте (АҚШ) өтеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.
There are 8 days left before the fight. Today the sparring ended. We are ready. My team is ready. We are ready to take two titles!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) October 6, 2023