Зайнутдиновтың командасы бас бапкерсіз қалды
Ыстамбұлдың «Бешикташ» командасын жаттықтыратын түрік маманы Шенол Гүнеш клубтың бас бапкері қызметінен кетуге шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұндай шешім қабылдауға Конференция лигасының топтық кезеңінің екінші турында «Бешикташтың» швейцариялық Луганодан (2:3) ұтылғаны себеп болды.
Клуб басшылығы қазірдің өзінде маманды алмастыратын адамды іздеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиёр Зайнутдинов «Бешикташ» сапында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или