Галина Дуванова финалға жолдама алды

Галина Дуванова финалға жолдама алды

<span>Джитсерші Галина Дуванова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>

<span>Джиу-джитсудан 57 кг салмақта бақ сынайтын ол жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамның (Таиланд) осал тұсын тапты.</span>

<span>Оған дейін Галина іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген. Енді финалда Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезбен (Филиппин) күш сынасады.</span>

<span>Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или