Тайсон, Холифилд, Цзю: Бокс әлемінің жұлдыздары Ташкентте кездеседі

Тайсон, Холифилд, Цзю: Бокс әлемінің жұлдыздары Ташкентте кездеседі

Бокс әлемінің аңыз адамдары Майк Тайсон, Эвандер Холифилд пен Костя Цзю биыл Өзбекстан астанасында өтетін Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBC) жыл сайынғы съезіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, WBC өзінің 61-ші конференциясын 12-17 қараша күндері аралығында Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр. Алғаш рет Орталық Азияда өтетін айтулы шараға бокс әлемінің ең танымал жұлдыздары қатысады.

Белді спортшы Майк Тайсон Ташкентке келетінін мәлімдеді. Бұған дейін іс-шараға қатысатындарын Эвандер Холифилд, Костя Цзюсынды бокс жұлдыздары, сондай-ақ әлеуметтік желіде танымал блогер Абдурозик растаған болатын.

Съез ұйымдастырушыларының дерегіне сүйенсек, Ташкентке өзге де атақты боксшылардың келуі күтіледі.

Іс-шараның соңғы күні – 17 қарашада Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде ауқымды кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или