WTA-1000: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

WTA-1000: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы ірі турнирдің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Италия өкілі Ясмина Паолиниді (WTA рейтингінде 36-орын) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:4, 7:6 (7:4) есебімен Беларусь спортшысының пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 39 минутқа созылды. 

Бейжіңдегі жарыстың ширек финалында Соболенко әлемнің бесінші ракеткасы, бұған дейін ресейлік Мирра Андрееваны жеңген қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или