Карина Ибрагимова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Карина Ибрагимова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Боксшы Карина Ибрагимова Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

<span>Қазақ боксшысы (57 кг) алтын үшін айқаста Тайбэй былғары қолғап шебері Ю Тин Лиден жеңіліп қалды. Есеп: 0-5. Соған қарамастан оның еншісінде Париж Олимпиадасының жолдамасы бар.</span>

<span>Карина Ханчжоу шаршы алаңдарында барлығы 3 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесуде Жинь Хьян Пэкті (Солтүстік Корея) жарыс жолынан шығарған. Ширек финалда Намуун Монхорды (Моңғолия) жеңген. Жартылай финалда Миджона Самадовадан (Тәжікстан) басым түскен.</span>

<span>Ибрагимова – әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. 27 жастағы спортшы биыл күміс, 2022 мен 2018 жылы қола медаль алған. Былтыр Азия чемпионы атанған.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или