Михаил Кукушкин Шанхай мастерс жарысының екінші айналымына шықты
Қазақстандық Михаил Кукушкин Шанхай (Қытай) мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған, дүниежүзілік рейтингте 245-орында Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін әлемнің 81-ракеткасы, франциялық Александр Мюллермен сәтті өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте франциялық спортшы 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Дегенмен содан кейін М.Кукушкин ойын тізгінін өз қолына ала білді – 6:3, 6:2.
Екі сағат 41 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші брейк жасамағанымен, 4 брейк-пойнттан шашау шығаған жоқ. А.Мюллер 10 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен шеберлік байқасады.
Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Шанхай додасы 15 қазанда мәресіне жетеді.