Роналду қатарынан екінші рет Сауд Арабиясы лигасының үздік ойыншысы атанды

Роналду қатарынан екінші рет Сауд Арабиясы лигасының үздік ойыншысы атанды

«Әл-Насрдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы лигасында қыркүйек айының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналду қыркүйекте төрт матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Португалдық екінші рет қатарынан Сауд Арабиясы лигасының ең үздік ойыншысы атанды.

Еске сала кетейік, португалиялықтар «Әл-Насрға» 2023 жылдың 2 қаңтарында көшкен болатын. Клубпен келісім-шарт бойынша ол жылына 200 миллион еуро алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или