Қоңқабаев Азия ойындарында финалға шықты

Қоңқабаев Азия ойындарында финалға шықты

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қоңқабаев үндістандық Нарендермен кездесіп, оны төрешілер шешімімен ұтты.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоудағы Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының сапындағы алғашқы финалист атанып, алтын үшін жұдырықтасады. Айта кетейік, Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021, 2022), сондай-ақ әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (2014).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или