Елена Рыбакинаның WTА рейтингіндегі орны анықталды

Елена Рыбакинаның WTА рейтингіндегі орны анықталды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әйелдер арасындағы жекелей сында чемпиондық жарыстың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік ондық рейтингінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-орында қалды.

Дарья Касаткина мен Мирра Андреева бір позициядан, Анна Блинкова рейтингте екі сатыға төмендеді. Анастасия Потапова екі сатыға көтеріліп, 25-ші орынға жайғасты. Вероника Кудерметова рейтингте екі сатыға көтеріліп, Дарья Касаткинаны басып озды.

WTA чемпионаты 

1. Арина Соболенко (Беларусь) — 8210 ұпай.

2. Ига Свентек (Польша) — 6905.

3. Кори Гауфф (АҚШ) — 5620.

4. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5476.

5. Джессика Пегула (АҚШ) — 4700.

6. Маркета Вондроушова (Чехия) — 3661.

7. Каролина Мухова (Чехия) — 3650.

8. Онс Жабер (Тунис) — 3595.

9. Мария Саккари (Грекия) — 3130.

10. Мэдисон Кис (АҚШ) — 2737…

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или