Наталья Богданова Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады

Наталья Богданова Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады

<span>Ұлттық құрама боксшысы (66 кг) Наталья Богданова екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>

<span>Ширек финалда қазақ боксшысы Цэцэгдари Мягмарсурэнды (Моңғолия) сенімді ұтты. Осылайша, ол бұл кешенді жарыстан кем дегенде қола жүлдемен оралады. Егер финалға шықса, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болмақ.</span>

<span>Наталья алғашқы айқасында Сауд Арабиясының өкілі Рагад Ибрагим әл-Наимиді мерзімінен бұрын жеңген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или